Атырауда «Атырау» мен «Ақтөбе» футбол командаларының жанкүйерлері жаппай төбелесіп, 30-дан астам адам ұсталды. Арасында балалар да бар.
Мұнайлы астананың орталық алаңында «Атырау» мен «Ақтөбе» футбол командалары кездеспес бұрын жанкүйерлер төбелескен. Олардың қолында түтін шығаратын түрлі заттар мен петардаталар болған.
«Сағат 17:55 шамасында Атырау-Ақтөбе футбол құрамаларының ойыны басталмас бұрын стадион алдында жанкүйерлер арасында қақтығыс болған. Полиция қызметкерлері қоғамдық орында құқықбұзушылыққа жол берген 30 адамды Атырау қалалық Полиция басқармасына жеткізді. Тиісті іс-құжаттар жинақталуда», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Полиция жанкүйерлердің қару қолданғанын жоққа шығарды.
17