Фото: Видеодан алынған кадр
Атырауда қоғамдық көлікке мінген ер адам жолақы төлеуден бас тартқан. Сөйтіп ескерту жасаған жүргізушіге дөрекі сөйлеп, соққыға жыққан, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Полиция қызметкерлері бұзақыға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Департаменттің мәліметінше, автобус жүргізушісін соққыға жыққан ер адамның жасы – 47-де.
«Бүгін, 5 наурыз күні сағат 14:40 шамасында 47 жастағы ер адам №22 бағытта қатынайтын қоғамдық көліктің жүргізушісіне күш қолданып, ұрып-соққан. Қазір 49 жастағы жүргізушіге келтірілген дене жарақатын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ұсталған күдіктіге қатысты бұзақылық дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, ер адамның автобус жүргізушісіне қол жұмсаған бейнежазбасы Instagram желісінде тарады.