«Атырау, Павлодар облыстары»: министр ана өлімі ең көп тіркелетін өңірлерді атады

Денсаулық сақтау министрі елімізде ана мен бала өлімі көп тіркелген облыстарды атады. 2021 жылы коронавирусқа байланысты күрт өскен ана мен бала өлімі биылғы жылыдң бірінші тоқсанында біршама төмендеген. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Сенаттың жалпы отырысында ана өлімінің себептерін атады, деп хабарлайды qazaq.todayақпараттық агенттігі Azattyq Rýhy– қа сілтеме жасап.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми деректері бар. Пандемияға дейін ана өлімінің көрсеткіші төмен болған елдерде де індет кезінде үш-төрт есеге өскен. Бұл вирус болғандықтан баласың ба, жассың ба, кәрісің бе, жүкті анасың ба – қарамады. Жап-жас, дені сау адамдар да көз жұмып жатты. Ал жүкті әйелдердің физиологиялық жағдайы инфекцияның тез дамуына ықпал етіп, қайғылы жағдайлардың көбеюіне себепші болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жүргізген барлық талдаулар әлемде, соның ішінде Қазақстанда да бұл көрсеткіш былтыр өскенін көрсетеді», – деді Ғиният.

Қаңтар айында коронавирус инфекциясының бесінші толқыны болғанына қарамастан, бірінші тоқсанда бұл көрсеткіш күрт төмендеген. Жоғары көрсеткіштер Атырау және Павлодар облыстарында байқалған.

Отырыста депутаттардың бірі адам өлімінің бір себебі ретінде перзентханалардағы ескірген құрал-жабдықтарды атады. Ғиният жыл сайынғы құрал-жабдықтарды сатып алу мәселесіне тоқталып, соңғы екі жылда перзентханалар мен перинаталдық үйлер 80-90 пайызға жабдықталғанын айтты.

«Жалпы босанудағы қиындықтару, әрине, жаңа немесе қымбат тұратын жабдыққа байланысты емес. Бұл негізінен халықтың денсаулығы мен перинаталдық орталықтың өзінде немесе перзентханаларда дер кезінде көмек алуына байланысты. Жыл сайын нысаналы трансферттер арқылы, республикалық бюджет арқылы әр облысқа белгілі көлемде қаржы бөлінеді. Биылғы жылы медициналық құрал-жабдықтарды сатып алуға 50 млрд теңге жоспарланған, оның ішінде біз босану және балалар ұйымдарына басымдық беріп отырмыз. Бірақ техниканың аты – техника. Тәулігіне 24 сағат жұмыс істейтін желдеткіштер, ультрадыбыстық аппараттар жыл сайын жаңартуды қажет етеді. Қажет болса, қарастырып, сатып алу керек», – деді министр.

Соңғы

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы...

Күдебаев сотқа мәжбүрлеп әкелінеді

Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Qazaq.today Azattyq Ruhy -на сілтеме жасап. «Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq.uni-не сілтеме жасап. Ақтөбе аумағында орналасқан Қарғалы, Күншуақ, Мұнайшы бау-бақша...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы қыз өлі табылды, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтема жасап. Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here