Атырау облысында тұрғындарға есірткіні қарызға таратып келген әйел ұсталды

Атырауда тұрғындарға есірткіні қарызға таратып келген әйел ұсталды. 48 жастағы азаматша аса ірі көлемде​ психотроптық дәрілерді сақтаған. 1974 жылы туған әйелдің  пәтерінен 114 дана «Трамадол» дәрісі, 18 дана «Лирика» пластинкасы, 82 дана «Тропикамед» дәрі-дәрмектерінің ақ түсті бөтелкесін, 10 дана «Сомнол» дәрі дәрмектерінің пластинкасы табылған. Пәтердің жатын бөлмесіне тінту жүргізу кезінде 725 дана «Тропикамед» табылған. Психотроптық есірткі заттарын сатумен айналысқан әйелден өзге азаматтардың 35 дана куәлігі шыққан. Тергеу барысында тиым салынған заттарды тұтынушыларға қарызға беріп, кепіл ретінде олардың құжаттарын алып отырғаны анықталды.

«Белгісіз азаматтардың жеке басын куәландыратын түрлі құжаттары, 1 млн  375 мың  теңге табылып, тәркіленді. Азаматшаның айтуынша ол психотроптық есірткі заттарын қарызға беру үшін, тұтынушы азаматтардың құжаттарын кепіл ретінде алып отырған. Әккі әрекетке барып психотропты дәрілерді заңсыз сатқан тұлғалар бір пәтер арқылы тұтынушыларға дәрі сатса, көрші пәтерде көп мөлшерде психотропты дәрі сақтап отырған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Тұрғындардан дәл осындай күдік тудырған фактілер туралы деректерді бірден полицияның 102 операторына хабарлауын сұраймызә, -деді Атырау облысы ПД бастығы, полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев.

Дәл осы Береке ықшам ауданында бұған дейін қанды шприцтер табылып, көпшіліктің наразылығын тудырған еді. Тексеру барысында полицейлер сол ықшам ауданнан психотропты дәрі сатумен айналысқан тағы бір әйелді ұстаған.

Соңғы

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы...

Күдебаев сотқа мәжбүрлеп әкелінеді

Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Qazaq.today Azattyq Ruhy -на сілтеме жасап. «Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq.uni-не сілтеме жасап. Ақтөбе аумағында орналасқан Қарғалы, Күншуақ, Мұнайшы бау-бақша...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы қыз өлі табылды, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтема жасап. Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here