«Атырау» ФК бас бапкері отставкаға кетті

Фото: Қазақстан футбол федерациясы

«Атырау» футбол клубының бас бапкері болған Константин Горовенко қызметінен кетті. Бұл ҚПЛ-дағы бір күн ішінде тіркелген екінші бапкерлік отставка болып отыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Клуб басшылығы Константин Горовенконың өз еркімен қызметінен кеткенін мәлімдеді.

Горовенко биылғы маусым басталар алдында «Атырау» командасын тізгендеген болатын. Ол командамен бас аяғы екі оқу-жаттығу жиынын өткізді. Сонгдай-ақ, ҚПЛ-да 6 ойын, Кубокте бір матчқа команданы бастап шыққан. Бірақ 7 ойында бір мәрте ғана жеңіске жете алды. Қалған ойынның бәрінде жеңілген.

«Атырау» клубның ресми мәліметінше, қазір бас бапкердің міндетін уақытша атқару Денис Мамоновқа жүктелді. Алдағы ойындарда Мамонов команданы алаңға бастап шығатын болады.