Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев атом электр станциясын салу бойынша вендор немесе консорциумды таңдау бойынша түпкілікті шешім 2025 жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Қараша айына дейін үкіметаралық келісім мен тиісті келісімшарттарды жасау жоспарлануда.
Сондай-ақ 2050 жылға дейінгі атом саласын дамыту стратегиясы әзірленеді. Ол ядролық-энергетикалық бағдарламаны тиімді жүзеге асыру және ядролық кластерді дамыту үшін қажетті келесі атом электр станцияларын салу жоспарларын да, атом саласының басқа бағыттарын дамытуды да қамтитын болады.
Сондай-ақ, Сәтқалиев 2024 жылдың желтоқсанында үкімет Алматы облысының Жамбыл ауданында атом электр станциясын салуға арналған аумақты бекіткенін айтты.
«Өткен жылы АЭС құрылысы бойынша консорциумды таңдау бойынша ашық конкурстық диалог процесі аясында ядролық технологиялардың әлеуетті жеткізушілерімен келіссөздер жүргізілді», — деді энергетика министрі.