Қазақстандық уролог Фархат Равилов орындықты қыздырып жүретін жүргізушілерге маңызды ескерту жасады, деп хабарлайды Qazaq.today.
Ол бұл әдеттің ер адамдардың денсаулығына, атап айтқанда, аталық бездің қызметіне кері әсер ететінін айтты. Маманның айтуынша, ұзақ уақыт бойы рульде отырып, орындықты қыздырып жүру аталық бездің температурасын жоғарылатады. Бұл процесс мыналарға кері әсерін тигізуі мүмкін:
- Сперматозоидтардың түзілу саны;
- Сперманың сапасы мен қозғалғыштығы.
Қыс мезгілінде көлік жүргізушілері денсаулықтарын сақтау үшін орындықты қыздыру уақытын шектеуі немесе баламалы жылыну әдістерін қолдануы маңызды.
«Егер сәби сүюді жоспарлап жүрсеңіз, астыңызды қатты қыздырмаңыз», – дейді Фархат Равилов.
View this post on Instagram
155