Ата-анасынан жасырған: Дәретханада босанып, баласын қоқысқа тастаған студент ұсталды

Фото: Kras Mash

Канскіде Политехникалық колледждің екінші курс студенті жатақхананың дәретханасында жасырын түрде босанып, баланы қоқыс жәшігіне тастаған, деп хабарлайды Qazaq.today.

Курстастарының айтуынша, қыз жүктіліктің 7-8 айында болған, бірақ ол өзінің екіқабат екенін ата-анасынан жасырған.

«Кеше ол өзін дәретханаға қамап, дыбыс шығармай төрт сағаттай жалғыз босанды. Кейінірек басқа студенттер дәретханада қанның іздерін байқап, сөмкедегі нәрестені тапты», — делінген Mash. телеграм арнасы жазған ақпаратта. 

Студенттер бірден полиция шақыртқан. Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғап, баланың туған кезде тірі болғанын анықтамақ.