Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

2025 жылғы 17 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 72 жасқа толды, деп хабарлайды Qazaq.today.

Мемлекет басшысының баспасөз қызметі туған күнге байланысты ешқандай салтанатты іс-шаралар өткізілмейтінін мәлімдеді.

«Президент бұл күнді атап өтпейді, қандай да бір ресми немесе мерекелік шаралар жоспарланбаған», – делінген ресми хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.

Әкесі – Кемел Тоқаев (1923–1986), Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі жазушы, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаушылардың бірі.

Анасы – Тұрар Шабдарбаева (1931–2000), Алматыдағы педагогикалық шет тілдер институтында қызмет атқарған.