Асу Алмабаевтың жаңа қарсыласы белгілі болды

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев 2 наурыз күні өтетін UFC Vegas 103 турниріне қатысады. Отандасымыздың жаңа қарсыласы анықталды, — деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Асу бастапқыда аустралиялық Стив Эрцегпен кездесуі керек болған. Кейіннен оның өзге спортшымен шығатыны мәлім болды. Нәтижесінде отандасымыз бразилиялық Аллан Насименто жаңа қарсылас атанды.

Аллан Насименто Насименто күресті жетік меңгерген. Қарсыласынан уақытынан ерте жеңілмеген.

Айта кетейік, Асу Алмабаев UFC-де 4 жекпе-жек өткізіп үлгерді. 4 кездесуінде де жеңіске жетті. Қазір жеңілірек салмақтағы рейтингте 7-орында тұр.

Фото: Todd Lussier/Zuffa LLC