Астанада «Нұрлы жол» теміржол вокзалында ашулы әйел азық-түлік сататын жердегі тауарларды лақтырып, шу шығарды.
Вокзалдағы әйелдің әрекеті желіде қызу талқыға түсті.
Ол айғайға басып, тауарларды лақтырып, оны тыныштандырмақ болған ер адамды итеріп жіберген. Ал айналадағы адамдар аң-таң және қорқынышпен қарап тұрғанын көруге болады. Алайда оның бұл әрекетінің себебі жұмбақ күйінде қалып отыр.
Қазір көлік полициясы оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Полиция департаментінің мәліметінше, әйелдің жеке басы анықталды, қазір оның әрекеті тексеріліп жатыр.
«Бұл факті бойынша тергеу жүріп жатыр. Оның әрекетіне құқықтық баға беріледі», – деп түсіндірді полицейлер.
@todayinfokzАстанадағы вокзалда әйел жанжал шығарды Желіде ашулы әйелдің бөлшек сауда дүкенін қиратып жатқаны түсірілген видео пайда болды. Оқиғаның Астанадағы «Нұрлы жол» стансасында түсірілгені хабарланды. Көлік полициясы тексеруді бастап та кетті. Ведомствоның мәліметінше, әйелдің жеке басы анықталған. «Бұл факті бойынша тергеу жүріп жатыр. Оның әрекетіне құқықтық баға беріледі», — деді полициядағылар. Қақтығысқа не себеп болғаны әзірге белгісіз.
43