Астанадағы ШЫҰ саммиті: мемлекет басшылары қандай шешімдер қабылдады

Астанада өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) саммитінің нәтижесінде, қатысушы мемлекеттердің өкілдері бірқатар маңызды құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды Qazaq.today.

ШЫҰ мемлекет басшылары кеңесінің отырысында мынадай құжаттар қабылданды:

  1. Шанхай ынтымақтастық ұйымы мемлекет басшылары кеңесінің Астана декларациясы;
  2. ШЫҰ «Әділетті әлем үшін жаһандық бірлік, келісім және даму» бастамасын бекіту туралы шешім;
  3. 2035 жылға дейінгі ШЫҰ даму стратегиясы жобасын бекіту туралы шешім;
  4. ШЫҰ қызметін жетілдіру бойынша сыртқы істер министрлерінің кеңесі ұсыныстарын бекіту туралы шешім;
  5. Беларусь Республикасын ШЫҰ-ға мүше мемлекет ретінде қабылдау рәсімін аяқтау және мүше мемлекет мәртебесін беру туралы шешім;
  6. Беларусь Республикасына ШЫҰ мүше мемлекет мәртебесін беруіне байланысты мүше мемлекеттердің үлестік жарналары туралы шешім;
  7. 2025-2027 жылдарға арналған терроризм, сепаратизм және экстремизмге қарсы іс-қимыл бағдарламасын бекіту туралы шешім;
  8. 2024-2029 жылдарға арналған ШЫҰ-ның нашақорлыққа қарсы стратегиясы және оны іске асыру жөніндегі іс-қимыл бағдарламасын бекіту туралы шешім;
  9. 2030 жылға дейінгі энергетикалық ынтымақтастықты дамыту стратегиясын бекіту туралы шешім;
  10. 2030 жылға дейінгі экономикалық даму стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы шешім;
  11. ШЫҰ мемлекеттерінің инвесторлар қауымдастығы туралы шешім;
  12. Қорғалатын аймақтар мен экологиялық туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту бағдарламасын бекіту туралы шешім;
  13. Қытай Халық Республикасының Циндао қаласын 2024-2025 жылдардағы ШЫҰ туристік және мәдени астанасы деп жариялау туралы шешім;
  14. ШЫҰ мүшелері мен диалог серіктестері арасындағы өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі жол картасын бекіту туралы шешім;
  15. ШЫҰ жобалық қызметін қаржылық қолдау тетіктері туралы шешім;
  16. ШЫҰ хатшылығы мен Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою туралы шешім;
  17. Халықаралық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша ШЫҰ мемлекеттерінің өзара іс-қимыл жоспары туралы шешім;
  18. ШЫҰ бас хатшысы туралы шешім;
  19. ШЫҰ аймақтық антитеррористік құрылымының атқарушы комитетінің директоры туралы шешім;
  20. ШЫҰ бас хатшысының өткен жылғы қызметі туралы есебі;
  21. ШЫҰ аймақтық антитеррористік құрылымының кеңесінің қызметі туралы есебі;
  22. Жақын көршілік, сенім және серіктестік қағидаттары туралы мәлімдеме;
  23. Ішетін су мен санитария қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы мәлімдеме;
  24. Қалдықтарды тиімді басқару туралы мәлімдеме;
  25. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.

Саммит барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ны реформалау және жаңғырту қажеттілігі туралы айтты. Ол барлық ұсыныстардың ұйымның ортақ игі мақсаттарына жетуге бағытталғанын атап өтті.

Қазақстан 2023 жылдың шілдесінен бастап ШЫҰ-ға төрағалық етті. Астана саммитінен кейін ұйымға төрағалық Қытайға өтеді.