Астанада зейнеткерлер 286 млн теңгесінен айырылып қалған

Күдікті әйел 2016 жылдан бастап 2024 жылға дейін биологиялық белсенді қоспа сатып, салымшылар тартқан, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Әр жаңа салымшыға 10%-дан 300%-ға дейін сыйақы беремін деп уәде еткен.

Жарна мөлшері 7500 теңгеден 2 млн теңгеге дейін жеткен. Осылайша «Happy Life KZ» пирамидасына 35 адам ақша салған. Бәрі зейнеткер.

Күдікті бұл ісінен тапқан ақшасына Астананың қымбат тұрғын үй кешенінен құны 36 млн теңге тұратын пәтен сатып алған. Қазір пәтерге бұғат салынды.

Күдікті ешқайда шықпау туралы қолхатпен босатылған. Тергеу жүріп жатыр.