Астанадағы тұрғын үйде жас жігіт асылып қалған

2025 жылғы 12 мамырда Астана қаласындағы «Кен Дала» тұрғын үй кешенінде қайғылы жағдай тіркелді. Кешеннің үшінші қабаты деңгейінде ер адамның денесі үйдің қасбетінде ілініп тұрған күйінде байқалған. Оқиға шамамен 15:00-де болған,деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Астана қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға орнынан дереу полиция қызметкерлері шақыртылып, марқұмның жеке басы анықталды. Қазіргі таңда оның туыстары мен жақындарына хабар берілгені күтілуде.

102 нөміріне түскен хабарламадан кейін бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің тиісті бабымен іс қозғалды. Тергеу амалдары басталды, оқиғаның себептері мен мән-жайы жан-жақты зерттелуде.

«102 арнасына асылып тұрған ер адам туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері оның жеке басын анықтады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр, оқиғаның мән-жайы анықталуда», — делінген Астана қалалық Полиция департаментінің ресми хабарламасында.