Астанада Тәуелсіздік алаңында «Қазақ елі» монументі жанынан мерекелік шеру ұйымдастырылды.
Парадқа төрт мыңнан астам әскери қызметші, 200-ден астам әскери техника, сондай-ақ майдандық, армиялық және әскери-көлік авиациясының 66 ұшағы мен тікұшағы қатысуда.
Парадқа Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық ұланның, Төтенше жағдайлар министрлігінің және Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілері қатысуда. Әр парадтық бөлімше 156 әскери қызметшіден тұрады. Шеру 300 музыканттан тұратын оркестрдің шеруімен аяқталады.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Отан қорғаушылар күніне арналған әскери парад 2025 жылдың басты оқиғаларының бірі болмақ.
Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қаланың үш нүктесінен тікелей трансляция ұйымдастырылды:
- ЭКСПО аумағы (кіреберіс Түркістан және Ақмешіт көшелерінен);
- қалалық алаң (Астана қаласы әкімдігінің ғимаратының алдындағы);
- Astana Music Hall (Кувшин) Б.Момышұлы даңғылы, 1 автотұрақ алаңы.
Шеруден кейін сағат 12:00-ден 15:00-ге дейін осы үш нысанда қазақстандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық топтардың қатысуымен мерекелік концерттер өтеді.