Астанадағы ірі сауда орталығынан өрт шықты (ВИДЕО)

Бүгін, 26 ақпанда елордадағы «Сарыарқа» сауда орталығынан өрт шықты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Оқиғаға қатысты қалалық төтенше жағдайлар департаменті пікір білдірді.

«Осы сәтте Астана қ. өрт сөндірушілері Нұра ауданы Тұран даңғылы бойында орналасқан Сауда-ойын сауық орталығындағы өртті сөндіруде.

Құтқарушылар жоғары дәрежемен жұмыс жасауда», — делінген ТЖМ хабарламасында.

Тілсіз жаудан зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге жоқ.