Елордада үй жануарларына құтыруға қарсы тегін екпе салу басталды, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты. Астаналықтар үй жануарларын тегін вакцинациялап, оларды гельминттерден емдей алады. Мақсат – үй жануарларын қорғау және ветеринарлық клиникаларға бару процесін жеңілдету. Ветеринарлар үйлерге өздері барады. Іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің «Астана Ветсервис» ШЖҚ КМК ұйымдастырады.
Толық ақпарат алу үшін сағат жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін +7 700 724 82 06 нөміріне хабарласуға болады.