Астанада үй иесі бір пәтерге 800 адамды тіркеген

Фото: NedExpert.ru

Ал заң бұзған тұрғын үй иелеріне айыппұлды екі есеге дейін ұлғайту мәселесі де пысықталуда, деп жазады Qazaq Today ақпарат агенттігі.

«Қазір бәрі ірі қалаларда өмір сүруге талпынады. Түсінікті жағдай. Алайда халық санының күрт өсуі пәтердегі тұрғындар санының шектеусіз тіркеу проблемаларына әкеліп отыр, мысалы, Астана қаласында жүргізілген тексеріс нәтижесінде бір пәтерге 800 адам тіркелгені анықталды. Тұрғын үйлердің иелері осындай заңбұзушылыққа жиі барады», – Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков мәжіліс отырысында

Осы мәселені шешу мақсатында Астана мәртебесі туралы заңға тұрғылықты жері және елорда аумағында уақытша болатын жері бойынша тіркеу нормативін бекіту жөнінде маслихаттың құзыретін кеңейту көзделеді.

Сонымен қатар Халықтың көші-қон туралы заңына Астана аумағында белгіленген нормативтерден артық тіркеуге тыйым салу бойынша өзгерістер енгізу ұсынылады.

«Бұл ретте тіркеу нормативтері тұрғын үйдің меншік иесіне, жұбайына не өзінің жақын туыстарына немесе қарауындағы азаматтарға таралмайтындығын атап өткім келеді», – деп нақтылады вице-министр.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу шеңберінде осы заңды бұзғаны үшін тұрғын үй иесіне айыппұлды екі есеге дейін ұлғайту мәселесі де пысықталуда.

32