Астананың әуе кеңістігі белгілі бір уақытта шектеледі. Бұл шара әскери парадқа дайындық және оны өткізу аясында әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшуларына байланысты жүзеге асырылады, деп жазады Qazaq.today ақпарат порталы.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, 2025 жылғы 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Астана қаласының әуе кеңістігін пайдалану шектеледі.
Аталған уақыт аралығында ұшақтардың ұшу және қону кестесінде өзгерістер болуы мүмкін. Осыған байланысты жолаушыларға сапарларын алдын-ала жоспарлап, әуе компаниясы мен әуежайдың ресми ақпарат көздері арқылы рейстердің статусын тексеру ұсынылады.
Қолайсыздықтарды болдырмас үшін жолаушыларға Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының ақпараттық қызметі мен өз әуе компаниясының байланыс арналарына жүгінуге кеңес беріледі.