Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform
Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11КО) мен франциялық Анауэл Нгамиссенгенің (14-0, 9 КО) Астанада өтетін жекпе-жегі қай телеарнадан көрсетілетіні белгілі болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Елордада 5 сәуір күні болатын бокс кеші «Барыс Арена» спорт кешенінде өтеді.
Жәнібек Әлімханұлы IBF және WBO тұжырымдамалары бойынша орта салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғайды.
Бокс кеші «Qazsport» және «Qazaqstan» телеарналарынан тікелей көрсетіледі.
Жәнібек Әлімханұлы 1993 жылы 1 сәуірде дүниеге келген. Әуесқой бокста 2013 жылы әлем чемпионы атанса, сол жылы Азия чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді.
2015 жылдан бері кәсіпқой бокста 16 жекпе-жектің барлығында жеңіске жеткен.