Фото: sports.kz
Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевтың (23-1, 17 КО) 5 сәуірде Астанада өтетін бокс кешіндегі қарсыласының есімі белгілі болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Nomad Promotions мәліметінше, Батыр 5 сәуірде британиялық Кейн Гарднермен (17-4, 7 КО) жекпе-жек өткізбек.
Бұл күнгі басты жекпе-жек Жәнібек Әлімханұлы мен (16-0, 11 КО) франциялық Анауэль Нгамиссен (14-0, 9 КО) арасында ұйымдастырылады.
Аталған бокс кеші Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде өтпек.
Сондай-ақ, 5 сәуір күнгі бокс кешінде Жәнібек Әлімханұлынан бөлек тағы кімдердің шаршы алаңға шығатыны туралы жаздық.