Фото: Астана әкімдігі
Елордада жеңіл автокөлік жолаушылар автобусына соқты. Жол апатынан зардап шеккен жандар бар. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлайды.
— «Toyota» маркалы автокөліктің жүргізушісі Республика даңғылы бойымен келе жатып, оңға бұрылу кезінде жолаушылар автобусымен соғысты. Жол апаты салдарынан автобустың екі жолаушысы жарақат алды. Жолаушылар медициналық көмек алып, кейін үйлеріне жіберілді, — деген хабар алдық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Қазір тексеру амалдары жүріп жатыр.