Астанада саябақта ер адам мен әйел адамның жалаңаш күйде күнге қыздырынып жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеодан оқиғаның Триатлон саябағында болғанын байқауға болады. Өтіп бара жатқан жұрт олардың бұл әрекетіне наразылық білдірді.
«Бұл – қоғамдық орын, жағажай емес», — деп кейіді өтіп бара жатқандар.
СMN мәліметіне жүгінсек, Триатлон паркте үш адамның жалаңаш кейіпте жатқаны белгілі. Әзірге оларға қатысты қандай шара қолданылғаны белгісіз.