Фото: BAQ.KZ
Елордада Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта Қайрат Сатыбалдыұлының соты өтіп жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы BAQ.KZ — ке сілтеп.
Оған қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру (жылыстату) бойынша айып тағылды (ҚК 218-бабы, 3-бөлігі, 3-тармағы).
Былтыр қыркүйекте Қайрат Сатыбалдыұлының ісі бойынша сот үкімі жарияланды. Ол 28-баптың 3-бөлігі, 189-баптың 4-бөлігі 2-тармағы, 195-баптың 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылды.
Қайрат Сатыбалдыұлына мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан 10 жыл мерзімге айырыла отырып, 6 жылға бас бостандығынан айырылған еді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық істерді тергеу шеңберінде мемлекетке 732,8 млрд теңге қайтарылғанын мәлімдегенін еске сала кетейік.