Фото: 2Gis. Stan.kz
Астанада әкімдік жанындағы саябақтан Назарбаевтың әр жылдары түскен суреттері алып тасталды. Әкімдік оның орнына гүлзарлар қойылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Әкімдік мәліметінше, Керей, Жәнібек хандар алаңын абаттандыру мақсатында жоспарлы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары басталды.
Жөндеу жұмыстары аясында құрылымдар бөлшектелді. Оның орнына көпжылдық гүлзарлар пайда болады. Сондай-ақ жарықтандыру тіректері орнатылып, көше жиһаздары жаңартылады.
Бұрын бұл жерде экс-президенттің әр жылдары түскен фотолары бар стендтер орналасқан еді.