Астанада кәмелетке толмаған қыз көпқабатты үйдің 15-қабатынан құлап кетті. Дәрігерлер оған қажет медициналық көмек беріп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі.
Мәліметтерге сенсек, қазір жасөспірім ауруханада, дәрігерлер қажет медициналық көмек беріп жатыр.
Құқық қорғау органдарының дерегінше, аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция болған жағдайдың нақты себептері мен мән-жайын анықтау бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда жасөспірім көпқабатты тұрғын үй кешендерінің бірінен құлап кеткен. Қайғылы оқиға 18 қарашада Әуезов ауданында болған. Үй тұрғындарының айтуынша, кеше кешке шамамен 11-12 жас шамасындағы бала үйдің подъезіне кіріп кеткен. Ал таңертең үйдің жоғарғы қабатынан секірген.