Астанада көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі

Мемлекеттік күзет қызметі Астанада көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылатынын айтты. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы Stan.kz — ке сілтеме жасап хабарлайды. 

27-28 қарашада Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы өткізілуіне байланысты көшелерде жол қозғалысы шектеледі.

“27-28 қарашада шетел мемлекет басшыларының қатысуымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы кеңесінің отырысын дайындау және өткізу аясында көшелердің жекелеген учаскелерінде көліктердің қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. Дайындық іс-шараларына арнайы мемлекеттік, құқық қорғау органдарының және Қарулы Күштердің ресурстары, әскери авиация мен техника пайдаланылады”, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар 27 қарашада Қорғаныс министрлігінің алдыңғы қатарлы авиациясы Астананың үстінен ұшып өтеді.

«Біз елорда тұрғындары мен қонақтарын маңызды халықаралық шара кезінде жүргізілген қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – деді Мемлекеттік күзет қызметі.