Әлеуметтік желіде астаналық тұрғын үй кешендерінің бірінде лифт маңында тұрған әйелдің үстіне қаптама тақтайшасы құлап кеткені туралы ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Massaget.kz-ке cілтеме жасап.
Оқиға Бұқар жырау тұрғын үй кешенінде болған.
Денсаулық сақтау басқармасындағылар ақпаратты растады.
«27 қыркүйекте жедел медициналық жәрдем бригадасы №1 көпсалалы қалалық ауруханаға 1978 жылы туылған әйелді жеткізді. Дәрігерлер тексерісінен кейін зардап шегушінің миы шайқалғаны анықталды. Ол ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа, тұрақты», – деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан.
Астана полиция департаменті пікір білдіруге уәде етті.