Астанада «Хат Шатырдың» алдында турсиін шешіп лақтырған 20 жастағы бойжеткен сотқа тартылды

Елордалық блогер Карина бейәдеп видео жариялағаннан кейін жанжалдың ортасында қалды. Кадрларда «Хан-Шатыр» сауда орталығының кіреберісіне жақын жерде тұрған бойжеткен ішкиімін шешіп, онымен қалай қол бұлғап жатқаны көрсетілген.

Видео “Өзіне сенімді қыздарға ішкиім керек емес”деген сипаттамамен таралған. Әлгі бейнежазбаны көрген желі қолданушылары түрлі пікір айтып, қызу талқыға түсті.

«Бұларға біраз нәрсе жетпейді. Ми да керек емес, жетіскен екенсің», «Басына киіп алса әдемі кетеді», «Қазақ десең өзіңе тиеді. Ұятсыз, әке-шешесі не қарап отыр екен. Масқара, «атың шықпаса жер өрте» деген мақалды бекерден айтпаған, атам қазақ. Осындай мисыздарға айтылған», – деді желі қолданушылары.

Полиция департаменті қызды әкімшілік жауапқа тартқан.

“Биыл 12 қыркүйегінде Instagram әлеуметтік желісінде «Хан Шатыр» сауда үйінің баспалдағында қоғамдық орында бойжеткеннің әдепсіз әрекеттер жасап жатқаны туралы видео жарияланды. Тексеру барысында полиция қызметкерлері 20 жастағы бойжеткенді анықтап, Нұра аудандық полиция бөліміне жеткізді. Құқық бұзушы әкімшілік жауапқа тартылды. Сот шешімімен оған айыппұл салынды”, – делінген полиция хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда киіз үйде жартылай жалаңаш билегендерге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жаздық. Қоғамда қызу талқыланған видеода кәжекей киген жартылай жалаңаш қыздар мен жігіт киіз үйде билегені көрсетілген. Ролик Алматы облысының Қарасай ауданында түсірілген. 2024 жылы 1 шілдеде Қарасай аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК 174-бабының 1-бөлігі бойынша «әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады

209