Астанада экс-дипломат Сәкен Мамашқа қатысты сот отырысы басталды

Фото: t.me/yyedilov

Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісінің кеңесшісі болған Сәкен Мамашқа әйелін жылдар бойы ұрып келді деген айып тағылып, іс сотқа жетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Істі Астана қалалық ауданаралық қылмыстық істер соты қарап жатыр. Айта кетейік, жәбір көруші Карина Мамаш және айыпталушы Сәкен Мамаш сот процесін видео, фотоға түсіруге қарсы болды. Сондай-ақ жәбір көруші тарап сот отырысының жабық режимде, яғни БАҚ-тың қатысуынсыз өткенін талап етсе, айыпталушы тарап ашық режимде өткенін талап етті.

Қазір судья Артур Абдыханов аталған мәселені шешу мақсатында сот залынан шығып кетті.

Айта кетейік, Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшінің кеңесшісі болған Сәкен Мамаш биыл 4 сәуірде қамауға алынды.