Астанада цех өртеніп жатыр

Осы сәтте елордалық өрт сөндірушілер Байқоңыр ауданы Пушкин көшесі бойындағы цехтан шыққан өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ.

Оқиға орнында 45 адам және 9 техника мен ҚР ТЖМ АМО дәрігерлері жұмыс істеп жатыр.

Астана уақыты бойынша сағат 14:38-де өрт сөндірушілер өртті оқшаулады.

Нақтыланған мәліметтер бойынша сүзгі өндірісі цехының шатырында өрт шыққан. Өрттің ауданы анықталып жатыр. Қабылданған шаралардың арқасында өрттің көршілес құрылыстарға таралу қаупі жойылды.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

 

https://kaz.inform.kz/news/astanada-tseh-ortenp-zhatir-2acd40/