Астанада бірінші ауысымдағы оқушылар сабаққа барады

Фото: Newtimes.kz

Астана қаласының Білім басқармасы ата-аналарға 8 қараша күні бірінші ауысымдағы сабақтардың тоқтатылмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі.

«Қалалық мектептерде бірінші ауысымдағы оқушылар үшін сабақтар тоқтатылмайды», — делінген Білім басқармасының хабарламасында.

Бұған дейін Астана қаласының ТЖД қолайсыз ауа райына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына үндеу жасаған болатын. Ведомство өкілдері көлік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы кезінде барынша сақ болуға шақырды.