Эксклюзивті мазмұн:

Энергетиканы дамытудың бір жолы- АЭС салу: сарапшылар пікірі

Биыл ақпан айында еліміздің энергетика саласын дамыту мәселелері жөніндегі...

ҚР Жоғарғы сотының жаңа төрағасы тағайындалды

Бүгін Сенат депутаттары ҚР Жоғарғы Сотының жаңа төрағасын сайлады....

Оқу-ағарту министрлігі оқу жылының ұзақтығы мен демалыс уақытын анықтайтын бұйрықты жариялады

Бұйрық жобасы бекітілсе, барлық білім ошақтарында оқу жылының мерзімі...

Астанада белгілі шенеуніктің иелігіндегі тұрғын үй кешенінде газ бағасы қымбаттап кеткен

Астанадағы «G-Park» компаниясына қарайтын «Будапешт» тұрғын үй кешенінің тұрғындары газ тарифінің қымбаттауына наразылық танытуда. Өткен сенбі күні жарты тәулік жылусыз отырған тұрғындар «G-Park» компаниясының бас филиалына барып, газ тарифіне қатысты мәселені шешіп беруді талап етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy-на сілтеме жасаған Qazaq.today

«G-Park» компаниясына қарайтын «Будапешт» тұрғын үй кешенінде жалпы саны 1400 отбасы тұрады. Компания өкілдері тұрғындарға пәтер кілтін табыстап, келісімшартқа отырған кезде газ қалалық орталық жылу жүйесіне қосылатынына сендірген. Бүгінде бір бөлмелі пәтердің ай сайынғы газ бағасы кешенде 27-30 мың теңгені құрап отыр.

«Газдың ақшасын толық төлемедіңдер» деп сенбі күні біздің тұрғын үйде жылуды өшіріп тастады. Жас балалар, қарт кісілер күні бойы салқын үйде отырды. Басшылыққа шағымымызды айтып, бәріміз жиналып барған едік, ішке кіргізбеді. Мәселемізге қатысты ешқандай шешім қабылданып жатқан жоқ, олар жауапкершіліктің бәрін әкімдікке, әкімдік тұрғын үй басшыларына сілтеп отыр. Тұрғын үй кешеннің басшысы белгілі депутат Ғабит Сатмағамбетов наразылығымызға назар аударады деп сенеміз. Газ бағасы басқа астаналық тұрғын үйлермен салыстырғанда қымбат. Себебі – орталық жылу байланысына қосылмаған. Қаңтар қырғынынан кейін газ бағасының төмендегенін білеміз, біздің де коммуналдық шығындарымыз өзге азаматтардыкімен бірдей болсын. Квадрат метріне 540 теңгеге дейін төлейміз, жылу әлсіз, батареялар салқын болып тұрады. Газ төлеуге келетін квитанциялар ресми емес, мөрі жоқ. Қазір ПИК (КСК) әр шаршы метр үшін бізден 540 теңгеден талап етіп отыр. О баста газды «325 теңгеден болады» деген, бізден кейін үй кезегіне тұрған тұрғындарға «газ бағасы 200 теңгеден болады» депті. Енді келесі айдан бастап баға 136-125 теңгеден болатынын айтты. Қазақстанда газ бағасының қанша екенін білеміз. Меніңше, бұл монополистк ұйым. Үшінші ай болды газдың бағасы өзгеріссіз», – деп шағымданды тұрғын Рахат Әкімов.

«ГАЗ ҮШІН КІМГЕ АҚША ТӨЛЕМ ЖАТҚАНЫМЫЗДЫ БІЛМЕЙМІЗ»

Сондай-ақ, кешен тұрғындары жексенбі сайын ыстық сусыз отыратынын айтып шағымданды.

«Тұрғындардың жартысы газ бағасын төлесе, енді кейбірі «квадрат метріне баға қымбат» деп төлеуден бас тартты. Әр жексенбі сайын ыстық су өшіп қалады. Келісімшартта көрсетілген баға минималды болған және жылу құбырының қандай болатыны көрсетілмеген. Бір бөлмеге 28-30 мың теңгені жылуға ғана төлейміз, элиталы, бизнес пәтерлердің өзі мұндай баға төлемейді. Оған жарықты, ыстық және суық су, лифт, қоқыс жинау қызметінің құнын қосыңыз, коммуналдық шығынның өзі 40-50 мың теңгеге барайын деп тұр.  Екі айға төлем қағазы келеді, бірақ чек берілмейді. Біз газ үшін кімге ақша төлеп отырғанымызды білмейміз. Пәтерлерді сатқан кезде Орталық жылу құбырына қазан айының соңына дейін қосыласыздар деп уәде берген, қазір жауапкершілікті не әкімдік, не тұрғын үй басшылары алғылары келмейді. Бір-біріне сілтеп, екі ортада халықты ақымақ қылып отыр. Баға жағынан 2-3 мың теңге ғана айырмашылық болады деген, бірақ ай сайын әртүрлі баға келеді. Себебін сұрасаң, қаңтарда газды көп жұмсадық дейді. Ешқандай құжат көрсетпейді. Қазір «жылу құбыры автономиялы ма, әлде орталыққа қосылған ба?» деген мәселе бойынша Құқық қорғау органдары сараптама қорытындыларын жүргізуі керек.  Егер, о бастан жылу құбырлары автономиялы болған болса, онда компания өкілдері алаяқ. Себебі, бізге пәтерлерді сатқан кезде – жылу орталық құбырға қосылады деп уәде берген», – деді тұрғын Бибігүл Адақманова.

ӘКІМДІК НАРЫҚТАҒЫ БАҒА ҮШІН ЖАУАП БЕРМЕЙДІ

Аталған мәселеге қатысты Azattyq Rýhy редакциясы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне хабарласты. Шенеуніктер тұрғын үй кешенінің газ қызметі жекеменшікте болатыны туралы бұрыннан айтылып келе жатқанын алға тартты. Сондай-ақ, нарықтағы жекеменшік компаниялардың газ тарифінің бағасын Монополияға қарсы реттеу департаменті бақылайды деді.

«Будапешт» ТК салынған кезде құрылыс компаниясына орталықтанған жылу жүйесіне қосылу мүмкіндігі жоқ екені туралы техникалық шарт берілген. Сол себепті компания автономды қазандық орнатты. Бүгінгі күні қазандық сұйытылған мұнай-газбен жұмыс істейді. Қаладағы шарт жасасқан ұйым «Астана-газ» сервис ұйымы болып саналады. Бүгінгі күні газ бағасы төмендетілген, Үкімет шешімімен тоннасына 125 мың теңге, ары қарайғы бағаны сол тұрғын үйге қызмет көрсететін компания квадрат метріне байланысты өз құнын қояды. Аталған аудан орталық жылу жүйесіне кірмейді, сол себепті аталған тұрғын үй алабына газ құбырын келесі жылы әкелетін боламыз. Қазіргі уақытта сметалық құжат дайын, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүріп жатыр. Құрылыс мерзімін аяқтау 2023-2024 жылдың маусымына дейін жоспарланған. Табиғи газға қосылғаннан кейін баға қазіргі тарифтен үш есеге арзан болады. Нарықтағы бағаны бақылау Табиғи монополияларды реттеу комитетінің құзыретіне кіреді, әкімдік аталған мәселеге жауап бермейді», – деді қалалық Отын-энергетикалық ресурстар бөлімінің басшысы Есмағұлов Мақсат.

Тариф бағасының қаншалықты дұрыс қойылғанына қатысты ақпарат алу үшін Монополияға қарсы комитеттің баспасөз қызметіне сауал жолданды. Жауаптарды қосымша жариялайтын боламыз.

Соңғы

135 млрд теңге: ҰҚК қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырудың жолын кесті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2022 жылғы шілде айында кәсіпкерлік субьектілеріне...

Энергетиканы дамытудың бір жолы- АЭС салу: сарапшылар пікірі

Биыл ақпан айында еліміздің энергетика саласын дамыту мәселелері жөніндегі...

ҚР Жоғарғы сотының жаңа төрағасы тағайындалды

Бүгін Сенат депутаттары ҚР Жоғарғы Сотының жаңа төрағасын сайлады....

Оқу-ағарту министрлігі оқу жылының ұзақтығы мен демалыс уақытын анықтайтын бұйрықты жариялады

Бұйрық жобасы бекітілсе, барлық білім ошақтарында оқу жылының мерзімі...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

135 млрд теңге: ҰҚК қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырудың жолын кесті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2022 жылғы шілде айында кәсіпкерлік субьектілеріне заңсыз жолмен 135 млрд теңге сомасындағы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және салық төлеуден жалтаруға ұзақ...

Энергетиканы дамытудың бір жолы- АЭС салу: сарапшылар пікірі

Биыл ақпан айында еліміздің энергетика саласын дамыту мәселелері жөніндегі Кеңесте президент Қасым-Жомарт Тоқаев энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екенін және ол...

ҚР Жоғарғы сотының жаңа төрағасы тағайындалды

Бүгін Сенат депутаттары ҚР Жоғарғы Сотының жаңа төрағасын сайлады. Бұл лауазымға Асламбек Мерғалиевтің кандидатурасын Мемлекет басшысы ұсынды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Асламбек Мерғалиев 1972...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here