Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы басталды

Бүгін Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясының пленарлық отырысы өтті, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпараттық агенттігі.

Сессияның күн тәртібіндегі басты тақырып – «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл».
Қатысушылар құрамы кең ауқымды
Шараға 1600-ден астам делегат қатысуда. Олардың қатарында:
• Парламент депутаттары,
• өңірлік және республикалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері,
• мемлекеттік органдар мен діни ұйымдардың өкілдері,
• саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері,
• шетелдік және отандық дипломаттар,
• ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері,
• БАҚ қызметкерлері бар.
Ассамблеяға – 30 жыл
Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылы құрылған. Осы жылдар ішінде Ассамблея ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайту жолында маңызды рөл атқарып келеді.