Астанада 4 сыныпқа дейінгі оқушылар қашықтан оқиды

Астанада екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары ауа райының нашарлауына байланысты онлайн оқиды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

«2025 жылғы 13 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», — делінген Білім басқармасының хабарламасында.