Фото:istockphoto/Jatuporn Tansirimas
Астанада 2 жасар баланы қылқындырып өлтірді деген күдікпен күтуші ұсталды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі. Бала қылқынудан жан тапсырған.
38 жастағы күдіктінің ұсталғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде таралды. Egov.press Telegram-арнасында жарияланған мәліметке сәйкес, күдікті уақытша ұстау изоляторында.
Полиция аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады. Полиция департаментінің хабарламасында: «Күдікті ұсталып, изоляторға қамалды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», — деп айтылды.
27