Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеге дейін саудаланып жатыр

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 518,6 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 521 теңге. Еуро 542,3-547,03 теңге аралығында құбылып тұр, деп жазады Qazaq.today ақпарат порталы. 

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 517 теңге, сатып алу құны – 522 теңге. Еуро 540 теңгеден сатылып, 547 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,15-5,25 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 24 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,38 теңгеге төмендеп, 517,81 теңге болған.