Елордада 80 гектар аумақты шарпыған құрғақ шөп өртін сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап.
ТЖМ мәліметінше, өртті сөндіру басталғаннан бері авиация өрт ошақтарына 149 рет қатынап, көлемі 447 тонна су төкті.
“20 маусым күні сағат 20:16-да Қарағанды және Ақмола облыстарының ТЖД күштері мен құралдары үйлеріне кетті. Сөндіруге қазіргі уақытта барлығы 34 адам, 8 бірлік техника жұмылдырылды”, – делінген хабарламада.
Еске салайық, Қорғалжын тасжолы мен Қосшы қаласына айналма жол арасындағы өрт 19 маусым күні таңертең тұтанған болатын.
Qazaq.today