Астана әкімдігі жетімдердің үй кезегіне тұруға кедергі жасаған

Астанада жетім балалардың баспана кезегіне тұруына негізсіз бас тартылған, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. 

Қала прокуратурасының мәліметінше, уәкілетті орган «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 71-бабын бұза отырып, 14 жасқа толмаған балаларда тіркеудің болмауына, сондай-ақ отбасы мүшелері болып табылмайтын қамқоршылардың атына тіркелген мүліктің болуына байланысты жетім балаларды кезекке қоюдан негізсіз бас тартқан.

Прокурорлық қадағалау шараларымен 200-ден астам жетім бала тұрғын үй алуға кезекке қойылды.