«Алматы, Қонаев, Сарыөзек және Талдықорған гарнизондарында шамамен 825 млн. теңгедей сомаға заттай мүлік пен жеке қорғаныс құралдарын ұрлау белгілері бойынша сот алды тергеу басталып, 8 қылмыстық іс қозғалды.Тергеу жүргізуді Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорлары жүзеге асырады. Өзге ақпарат тергеу мүдделеріне байланысты жария етілмейді», — делінген Бас әскери прокуратура таратхан хабарламада.