«Ғашық болып қалдым»: спортшы Сабина Алтынбекова елді тағы елеңдетіп қойды

Фото: Instagram/altynbekova_20

Спортшы Сабина Алтынбекова желіде өзінің ғашық болып қалғанын жазып, елді елең еткізді, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.

Волейболшы Instagram желісінің Stories бөлімінде жазба жариялады.

«Бүгін клиникада былай деп сұрайды: «Сабина, көзіңіз жарқырап, жайнап тұр! Ғашық болып қалдыңыз ба? Иә, өзіме ғашық болып қалдым», — деп жазды Сабина Алтынбекова.

Қыз-келіншектерге курс сатып, пайдаға кенеліп жүрген волейболшы Сабина Алтынбекова 2020 жылы тұрмысқа шығып, спорттағы карьерасын тоқтатты. Алайда ол арада бір жылдан атсам уақыт өткен соң ажырасып кетті. 2022 жылы спортқа қайта оралып, арабтың Al wasl клубында ойнады. 2022-2023 жылдары ол Al wasl Араб лигасының чемпионы атанып, әлемдегі ең бай волейболшылардың қатарына қосылды. Былтыр Алтынбекова Индонезияның клубына ауысты.