«Қашан үйленесің?»: Димаш Құдайберген жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді

Әнші Димаш Құдайберген қашан үйленетіні туралы сұраққа жауап берді.

Желі қолданушысы әншіден қашан отбасы құратыны жайлы сұраған.

«Енді білмеймін. Айтпаймын. Айтқым келмейді. Себебі бұл – менің жеке өмірім. Сол себепті айып етпеңіз. Көре жатармыз. Алла Тағаланың қалауымен болады ғой бәрі», — деді Димаш Құдайберген.

Оқырман қауым әншіге қолдау білдірді.

«Жұмсақ жеткізді, ешкімді ренжітпей», «Жарайсың, бақытты бол, жақсылықтың ерте-кеші жоқ», «Бақытты бол, Димаш, тілеулеспіз. Алла қаласа адал, инабатты жар бұйырсын», «Иә, бұйырған күні үйленер, ақылды білімді Димаштай баланы бағалайтын, қолдайтын қыз жолықсын деп тілеймін», — деп жазды желі қолданушылары.