Әнші Сиви Махмуди кезінде ел алдында өзі мақтаған күйеуінің бірнеше отбасы болғанын мәлімдеді. Журналист Анна Данченкоға сұхбат берген әнші, қашқын атанған экс-күйеуін өзімен байланыстармауды сұрады, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.
Әнші бұрынғы күйеуімен осыдан төрт жыл бұрын ажырасып кеткенін, содан бері мүлдем араласпайтынын тілге тиек етті.
Ол бұрынғы күйеуінің үш отбасы болғанын ашып айтты.
«Ол маған дейін де бір рет үйленіп, ажырасқан. Мен оны басында білген жоқпын. Сырға салудан кейін оның туыстарының бірі әкеме болған жағдайды айтып қойған екен. Бұл ақпарат мен үшін де жаңалық болды. Оның алғашқы некесінен бір қызы бар. Ортақ таныстарымыздан оның менімен ажырасқаннан кейін де отбасы құрғанын естідім. Ажырасқан, екі баласы бар әйелмен шаңырақ көтеріпті. Оны балаларым сауда орталығынан көріп қалыпты», — деді әнші.
Сонымен қатар, Сиви Махмуди бұрынғы жарының ісіне қатысты өзінің есімі аталғанын қаламайтынын атап өтті. Әнші қазір жемқорлық үшін күдікті деп танылып, қашқын атанған экс-күйеуінен үш бала сүйген. Кезінде ел алдына бірге шығып, бірі-бірлеріне өлердей ғашық екендерін айтқан әнші, бүгінде күйеуінің атын өзімен байланыстығысы келмейді.
Айта кетейік, бұған дейін Астана қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті әншінің бұрынғы жары Аңсар Қажымұқанұлына іздеу жариялағанын хабарлаған еді.