«Аса құпия»: Мәсімовтың ісі сотқа жетті

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрғасы мен оның қармағында лауазымды қызмет жасаған басшыларына қатысты қылмыстық істі зерделеу қорытындысы бойынша Бас прокуратура тергеу органының айыптау қорытындысын бекітті, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. 

Қылмыстық іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қарауына жіберілді.

«Осылайша, айыпталушы Мәсімов К.К. (ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы) және Садықұлов А.Т. (ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары) мемлекетке опасыздық жасау (Қылмыстық кодекстің 175-бабының 1-бөлігі), билікті күштеп басып алу (ҚК-нің 179-бабының 3-бөлігі), ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттігін өзіне және басқаларға пайда мен артықшылықтар алу мақсатында асыра пайдалану (ҚК 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы) туралы баптар бойынша сотқа берілді», – деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Д.Е. Ерғожин (ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары) билікті күшпен басып алғаны (ҚК 179-бабының 3-бөлігі), ауыр зардаптарға әкеп соқтырған билік пен лауазымдық өкілеттіктерді өзіне және басқаларға пайда мен артықшылықтар алу мақсатында асыра пайдаланғаны үшін айыпталуда (ҚК 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы).

М.С. Осиповке (ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары), Д.М. Акиповқа (ҰҚК департамент бастығының бұрынғы орынбасары) және Н.К. Бекмуратқа (ҰҚК-ның бұрынғы басқарма бастығы) Қылмыстық кодекстің 362-бабының әртүрлі бөліктері бойынша айып тағылған.

Қылмыстық іс «аса құпия» белгісімен тергелген және сотта да осы тәртіпте қаралады.

Еске салайық, осы жылдың 6 қаңтарында ҚР ҰҚК ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабының 1-бөлігі бойынша «Мемлекетке опасыздық жасау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған болатын. Сол күні аталған қылмысты жасады деген күдікпен ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.

Соңғы

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы»...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен...

Махамбет Әбжанға шығарылған сот үкімі өзгеріссіз қалды

Махамбет Әбжанға қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, -...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың мәйіті табылды. Олардың денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар. Бұл туралы полиция мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. 2011, 2014...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» спектаклін қою арқылы әкесіне қиянат жасалғанын айтады. Мұхтар Шәмшіұлының айтуынша, әкесі ешқашан сығандардың тобырында болмаған,...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен бірлесіп «Qnet» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша күдіктіні ұстады. Бұл компания Астана мен...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here