«ҚазАвтоЖолдың» аймақтағы филиалының қызметкерлері аса ірі көлемде қаржы бопсалады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресми сайтында хабарлады. Ведомство мәліметінше, 2023 жылғы 29 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Көлік прокуратурасымен бірігіп, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның Павлодардағы филиалының басшылығы мен қызметкерлерінің жемқорлық іс-әрекетінің жолын кескен. Іс фигуранттары аймақтағы кәсіпкерден аса ірі көлемде қаржы бопсалады деген күдікпен қамауға алынған. Сондай-ақ бұл фактіге қатысты материалдар Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. ҰҚК тергеу іс-шараларының жүргізілуіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейтінін, жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатқанын атап өтті.
Аса ірі көлемде қаржы бопсалаған «ҚазАвтоЖол» қызметкерлері ұсталды
4