Арыстағы жарылыстан болған 97 миллиард шығынды 16 әскери қызметші өтейді

Арыс қаласындағы оқ-дәрі қоймасында болған жарылыс салдарынан келген шығынды 16 адам өтейді. Бұл туралы Астана қаласының Есіл аудандық соты мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, Қорғаныс министрлігі 2019 жылдың 24 маусымында Арыс қаласында оқ-дәрілердің жарылуы салдарынан келтірілген шығынды өтеуді талап етіп, сотқа арыз берген.

Сотталушылар қызмет барысында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқ-дәрілерді сақтау, сату және кәдеге жарату, техникалық бақылауға жауапты болған бұрынғы әскери қызметшілер.  Сотталушының бірі – өрт және күзет дабылын орнатқан ЖШС басшысы.

«Барлық сотталушының оқ-дәрілердің жарылуына кінәсі Шымкент гарнизоны әскери сотының 2019 жылғы 24 маусымдағы заңды күшіне енген үкімімен анықталды.  Сол үкім бойынша Қорғаныс министрлігі мүліктік талаптарды қанағаттандыруға құқылы болды.

Талапкердің талабы жарылыс салдарынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, 44859-әскери бөлімнің, 16752-әскери бөлімнің, 74884-әскери бөлімнің теңгеріміндегі ғимараттарды, құрылыстарды, инфрақұрылымды бұзу, оқ-дәрілерді жою түрінде мемлекетке мүліктік залал келтірілгенімен негізделген», – делінген хабарламада.

Сот-медициналық сараптама жалпы шығын сомасы 96 373 286 57 теңге болғанын анықтады.

Сот талап арызды қанағаттандыру туралы шешім қабылдады.  Оның шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы...

Күдебаев сотқа мәжбүрлеп әкелінеді

Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Qazaq.today Azattyq Ruhy -на сілтеме жасап. «Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq.uni-не сілтеме жасап. Ақтөбе аумағында орналасқан Қарғалы, Күншуақ, Мұнайшы бау-бақша...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы қыз өлі табылды, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтема жасап. Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here