Ресейде жойқын жер сілкінісінен кейін жанартау атқылады

Камчаткада 7,1 балдық жер сілкінісі болып, салдарынан Шивелуч жанартауы атқылады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Жерасты дүмпуі Тынық мұхитында, Камчатканың оңтүстік-шығыс жағалауында тіркелді. Петропавл-Камчатский және Вилюйск қалалық округтерінде және Елизовский және Усть-Камчатск аудандарында жер сілкінісінің күші 7 балға дейін сезілді. Қазір жер сілкінісінен болған шығындар есептеліп жатыр. Күшті жер сілкінісінің салдарынан Шивелуч жанартауы атқылады. Жанартаутану және сейсмология институтының мәліметінше, Шивелуч…

Толық оқу

Жапонияда тағыда жойқын жер сілкінісі болды

Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы Хонсю аралының жағалауында 5,0 баллдық жер сілкінісін тіркеді. Ұйымның сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, эпицентр Мито қаласынан солтүстікке қарай 40 км жерде орналасқан, онда шамамен 246 мың адам тұрады. Зілзала ошағы 35 км тереңдікте жатқаны белгілі болды. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат болған жоқ. Цунами қаупі туралы хабарланған жоқ.

Толық оқу

Әлемдегі ең қалталы адам кім екені анықталды

Bloomberg агенттігі әлемдегі ең бай адамдардың рейтингін жария етті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпаарат порталы.  Оған сәйкес, X әлеуметтік желісі мен Tesla-ның иесі Илон Маск 235 миллиард доллар байлығымен рейтингтің көшбасшысы атанды. Америкалық Amazon онлайн-ретейлердің негізін қалаған Джефф Безос екінші орында тұр. Оның байлығы 193 миллиард долларға бағаланып отыр. Үштікті  188 миллиард доллар байлығымен Meta корпорациясының…

Толық оқу

Трансгендер деп айыпталған боксшы Илон Масктің үстінен арыз түсірді

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев Бокстан Париж Олимпиадасының чемпионы, алжирлік боксшы Иман Хелиф өзіне кибербуллинг жасағандарға қарсы шағым түсірді. Оның арызында Х/Twitter иесі Илон Маск пен әйгілі жазушы Джоан Роулингтің аты аталған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. Трансгендер деп айыпталған алжирлік боксшы Иман Хелифті былтыр Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)…

Толық оқу

Жапония премьер-министрі қызметінен кетеді

Жапония премьер-министрі Фумио Кишида қыркүйекте өтетін партияішілік сайлауда билеуші либералды-демократиялық партияның басшылығына өз кандидатурасын ұсынбайтынын ресми айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Сәрсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында Фумио Кишида алдағы сайлауда билеуші либералды-демократиялық партияда өзгеріс болатынын айтты. Кишида 2021 жылы билеуші либерал-демократиялық партияның төрағасы болып сайланды, оның үш жылдық мерзімі қыркүйекте аяқталады. Оның шешімі…

Толық оқу
Яндекс.Метрика