Ливанның жартысын басып алған Израиль «Хезболла»жетекшілерінің өлтірілгенін мәлімдеді
Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Ливан халқына ағылшынша сөйлеп, «Хезболла» жетекшісі Хасан Насралланың екі ізбасарының өлтірілгенін мәлімдеді. Нетаньяху 3 қазанда әуе шабуылы кезінде Хашим Сафи ад-Диннің өлтірілгенін растады («Аль-Арабия» арнасы бұл туралы хабар таратқан еді). Оның айтуынша, Сафи ад-Диннің ізбасары да өлтірілген, бірақ оның есімін айтқан жоқ. Нетаньяхудың айтуынша, қазір «Хезболла» көптеген жылдар бойы болмаған деңгейде әлсіреген….
