Қасиетті Мекке мен Мединаны топан су басты

Фото: rbc.ua Сауд Арабиясында толассыз жауған жаңбырдың соңы тасқынға ұласып, бірқатар қаланы су басты, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. Шелектеп құйған жаңбырдан қасиетті Мекке, Медине және Джидда қалаларында көшелер көлге айналған. Шаһарларда көлік қозғалысы қиындаған. Табиғаттың тосын мінез танытуынан туристер көп әбігерге түскен. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Толық оқу

Францияда маймыл шешегінің жаңа штамы тіркелді

Францияда маймыл шешегінің жаңа штамын жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Науқас елдің батысындағы Бретань өңірінің тұрғыны болып шықты. Ол жуырда Орталық Африка елдеріне барып келіпті. Қазір осы оқиға бойынша тергеу амалдары басталды. Науқаспен байланыста болғандар анықталуда. Айта кетейік, Clade Ib деп аталатын жаңа штамм алғаш рет жазда Кения аумағында тіркелген…

Толық оқу

Солтүстік Корея биыл алғашқы зымыранын ұшырды

Фото: trend.az КХДР Жапон теңізіне қарай (болжам бойынша) баллистикалық зымыран ұшырды. Бұл туралы Жапонияның жағалау күзеті хабарлады, деп жазды ТАСС ақпарат агенттігі. Жапон қоғамдық телеарнасының хабарлауынша, зымыран Жапонияның Жапон теңізіндегі ерекше экономикалық аймағынан тыс жерге құлаған. Қандай да бір шығын туралы ақпарат түскен жоқ. Жапондық бақылаушылар аймақтағы кемелерді зымыран қалдықтарын байқаса, оларға жақындамай, дереу билікке…

Толық оқу

Газадағы құрбандар саны 45 805-ке жетті

2023 жылдың 7 қазанынан бері Израильдің Газа секторындағы шабуылдарынан қаза тапқандар саны 45 805-ке жетті, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. «Қақтығыс 457 күннен бері жалғасуда. Тек кейінгі 24 сағатта Израиль армиясының Газа секторының әртүрлі аймақтарында жасаған «бес қырғын» нәтижесінде 88 адам қаза тапты. Сонымен қатар Палестина эксклавының 208 тұрғыны зардап шекті», – делінген хабарламада. 2023…

Толық оқу

Соғыс үш бағытта күшейді: Украина әскері Ресейдің Курск облысына басып кірді

Фото: 24tv.ua Ресейдің Курск облысында украиналық әскерлердің ауқымды шабуылы басталды, деп хабарлайды Qazaq.today. Украина қарулы күштері Курск қаласының Ивановское ауылындағы нысандарға зымыран соққысын жасағанын хабарлады. Қоғамдық орталық, пошта бөлімшесі, сауда орталығы және бір тұрғын үй қирады. Сондай-ақ газ құбырының бір бөлігі үзіліп, мектеп-интернат бұзылған. Әскери сарапшы Анатолий Матвичуктің айтуынша, Украина қарулы күштері Дональд Трамптың инаугурациясына…

Толық оқу
Яндекс.Метрика