Ұлыбритания үкіметі қазақстандық компанияларға қатаң ескерту жасады

Ұлыбритания Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан кәсіпкерлеріне ескерту жасады. Лондон аталған елдерге санкцияны айналып өтуге Ресейге көмектескені үшін жауапкершілік бар екенін тағы бір ескертті, деп жазады Qazaqtoday ақпарат порталы inbusiness.kz сайтына сілтеп.  Ұлыбритания үкіметі қазақстандық компанияларға Ресейге салынған санкцияларға қатысты ескерту жасап, оны «арнайы нұсқаулық» деп атаған. Бұл Қазақстан, Грузия, Армения, Өзбекстан және Қырғызстанда жұмыс істейтін Британдық емес бизнес, кәсіпорындарға…

Толық оқу

Үндістандағы ұшақ апаты: Қара жәшіктегі дерек алынды

Үндістанда апатқа ұшыраған Air India әуе компаниясы ұшағының қара жәшіктерінен мәліметтер сәтті алынды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. Үндістанның азаматтық авиация министрлігінің хабарлауынша, тергеу тобы қара жәшіктердегі «жад модуліне» қауіпсіз түрде қол жеткізіп, ақпаратты сәтті оқып шыққан. Бүгінде талдау жұмыстары жалғасып жатыр. Оның мақсаты – апатқа себеп болған оқиғалардың тізбегін қалпына келтіру,…

Толық оқу

Иран Қауіпсіздік Кеңесіне шұғыл хат жолдады

Фото: almayadeen.net АҚШ-тың Ирандағы ядролық нысандарға жасаған шабуылына байланысты Иранның БҰҰ жанындағы елшісі әрі тұрақты өкілі Амир Саид Иравани жексенбі күні БҰҰ Бас хатшысы мен Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасына ресми хат жолдады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат порталы IRNA-ға сілтеме жасап. БҰҰ-ға жолдаған хатында Иранның тұрақты өкілі Амир Саид Иравани АҚШ-тың алдын ала жоспарланған агрессивті әрекеттерін қатаң айыптады. Иран…

Толық оқу

Дінін өзгертуді талап еткен: Шіркеуде болған терактіден кемінде 15 адам қаза тапты

Сирия астанасы Дамаскінің Аль-Дувайла ауданында орналасқан Мар Элиас грек православ шіркеуінде теракт болды, деп хабарлайды Qazaq.today. Жергілікті қауіпсіздік органдарының мәліметінше, кемінде 15 адам қаза тауып, 30-ға жуық адам жарақат алған. Алдын ала мәлімет бойынша, террорист діни рәсім кезінде өзін жарып жіберген. Оқиға орнына шұғыл түрде жедел жәрдем көліктері мен қауіпсіздік күштері жетіп, зардап шеккендерді эвакуациялап,…

Толық оқу

Макрон Израильдің Иранға жасаған шабуылдарын дереу тоқтатуға шақырды

Фото: REUTERS/Aurelien Morissard/Pool Франция Президенті Эммануэль Макрон Иранның ядролық және баллистикалық бағдарламаларына қатысы жоқ Израиль шабуылдарын дереу тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды Анадолы.  Елисей сарайы жариялаған жазбаша мәлімдемеде, Макрон 18 маусымда Израильдің Иранға жасаған шабуылдарын талқылау үшін Ұлттық қорғаныс және қауіпсіздік кеңесін шақырғаны айтылған. — Президент Иранның ядролық және баллистикалық бағдарламаларына қатысы жоқ нысандарына қарсы Израиль шабуылдарының…

Толық оқу
Яндекс.Метрика